Семейде ірі өрт жойылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семейде ірі өрт жойылды

13 Мамыр 2019, 13:51

Smiley faceФото: Семей қ. ТЖБ

13 мамыр күні түнде Семей қаласының өрт сөндірушілеріне сарайдың жануы туралы қоңырау келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт төрт тұрғын үйдің құрылысын қамтыды. Ағаш шатыры, терезе ойықтары, сыртқы қаптамасы жанған. Өрт ошағы үшінші тұрғын үйдің қорасында болды, алайда өрт сөндіру алшақтығы мен қажетті қашықтықтың болмауынан өрт санаулы минуттарда жақын тұрған тұрғын үйлердің шаруашылық құрылыстарына шықты.

Smiley face

"Өрттің жалпы аумағы 175 шаршы метрді құрады . Өрт сөндіру барысында 5 газды 27 литрлік баллон шығарылды. Оқиға орнында 12 бірлік техника мен жеке құрамнан 50 адам жұмыс істеді. Өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ", - деп нақтылады ТЖБ-да.

Кінәлі тұлғалар, материалдық залал және өрттің себебі қазір анықталуда.

Smiley face


Көзі: yunews.kz