Түркістан облысының Сайра ауданында газ баллоны жарылысы салдарынан екі адам қайтыс болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістан облысының Сайра ауданында газ баллоны жарылысы салдарынан екі адам қайтыс болды

13 Мамыр 2019, 17:15

Smiley face

Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылындағы кафелердің бірінде газ балоны жарылып, салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы он шақты адам жараланған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Ақсукент елді мекенінде болған. Гриль пешіне қойылған газ балоны оқыста жарылып, 30 шаршы метр аумақтағы қойма өртке оранған. Әйтеуір өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп үлгерген.

Оқиға кезінде күйік шалған қалған бес жастағы бүлдіршін мен 61 жастағы азамат қайтыс болды. «Екеуі де ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Денелерінің 95 пайызын күйік шалған», – дейді дәрігерлер.

Ақ халаттылар сондай-ақ жалпы 12 адамның жедел жәрдем көлігімен Сайрам аудандық ауруханасына жеткізілгендігін айтты. Полиция өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.


Көзі: yunews.kz