Тағы бір адамды ажалдан аман алып қалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тағы бір адамды ажалдан аман алып қалды

13 Мамыр 2019, 17:28

Smiley face

Биыл 6 мамырда сағат 18:50 шамасында Сарыағаш АПБ-не Сарыағаш теміржол вокзалының жаяу жүргіншілердің өтуіне арналған теміржол торабының үстінен өткен көпірде бейтаныс азаматша өзін-өзі өлтіру мақсатында секірмекші болып тұрғаны туралы хабар келіп түскен.
Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, яғни шұғыл-тергеу тобының жедел уәкілі полиция лейтенанты Рүстем Райымбеков, тергеуші полиция лейтенанты Аман Нұрқанат, криминалист полиция лейтенанты Хасан Әбіл тез арада барды.

Smiley faceЖедел жеткен полицейлер көпірдің жақтауы арқылы секірмекші болған әйелді байқап қалды. Және шұғыл шараларды дер кезінде қабылдады. Өзін-өзі өлтірмекші болған әйелді әңгімеге тартып, қауіпсіз қашықтыққа алып барды. Бұл медициналық және психологиялық көмекке зәру Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты, оны содан кейін туыстарына тапсырды. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі кезде барлық болған оқиғаның жағдайының себептері анықталып жатыр


Көзі: yunews.kz