Батыс Қазақстан облысында ақбөкендерді ату дерегі азаймай тұр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Батыс Қазақстан облысында ақбөкендерді ату дерегі азаймай тұр

444

Smiley face

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері «Охотзоопром» инспекторларымен бірлесе отырып, Жәнібек ауданының заңсыз киік аулаған тұрғындарын құрықтады. Мәңгүр мен Дружба қыстақтары арасында сойылған 4 ақбөкен еті табылды.

Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 1991 және 1979 жылы туылған екі ауыл тұрғыны ұсталды. Оқиға орнынан 12 калибрлі «ИЖ-54» екі ұңғылы аңшы мылтығы, 5 патрон және екі велосипед тәркіленді. Күдіктілердің бірі полицияны көріп, өз қаруын суға лақтырып жіберген. Алайда, оны  полицейлер судан алып шыққан.

Тағы бір браконьер көрші ауылдық округте қолға түсті. 45 жастағы Жәнібек ауданының тұрғынының мотоциклінен 2 ақбөкен және тиісінше екі жұп кесілген мүйіз, сондай-ақ пышақ, 12 калибрлі қос ұңғылы аңшы мылтығы және 5 патрон табылды.

Осы фактілер бойынша ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Көзі: yunews.kz