Жалпы ішкі өнім өсімі 4 айдың қорытындысы бойынша 4% құрады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жалпы ішкі өнім өсімі 4 айдың қорытындысы бойынша 4% құрады

14 Мамыр 2019, 09:44

Smiley face

ҚР Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов қаңтар–сәуір айларында ЖІӨ өсімі 4% жеткенін айтты.

«Қаңтар-наурызда ол 3,8% құрады. Аталған қарқынға өңдеу өнеркәсібіндегі, қызметтер саласындағы жеделдеу, сондай-ақ, құрылыс пен ауыл шаруашылығындағы тұрақты қарқындардың арқасында қол жеткізілді», - деді Р.Дәленов.  

Инвестициялар серпіні жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынынан асып түседі. Өсу 6,7%-ды құрады. Ауыл шаруашылығында, құрылыста және өнеркәсіпте инвестициялар айтарлықтай өсті. Биылғы 1 сәуірде халықаралық қорлар $86 млрд құрады.

 Қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісі 2,9%-ға өсті. Өсім өңдеу өнеркәсібіндегі озық қарқындары есебінен қамтамасыз етілді.

«Өңдеу өнеркәсібінде өсуге бағытталған тренд сақталып отыр. 4 айда шығарылым 3,5% дейін ұлғайды. І тоқсанда өсу 1,6% құраған болатын. Өңдеу қарқынының артуына мұнайды қайта өңдеудегі, машина жасаудағы, сусындар өндірудегі өсудің үдеуі, сондай-ақ фармацевтиканың плюстік аймаққа шығуы әсер етті», - деді Р.Дәленов.

Ал құрылыс саласындағы серпін тұрақты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,4%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы тұрақты өсу қарқынын ұстап тұр. Өндіріс көлемі 3,6%-ға артты. Өсу мал шаруашылығының 3,7%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы өткен жылғы деңгейде сақталды.

Сонымен қатар, өсудің жеделдеуі көрсетілетін қызметтер саласында байқалады. Есепті кезеңде ол І тоқсандағы 3,7% қарағанда 4,2% өсті.

 «Сауда – көрсетілетін қызметтер сегментінде өсудің алдыңғы қатарында. Оның өсуі 7,3% деңгейінде тіркелді. Бұл негізінен автокөлік құралдарын, автобөлшектерді, мұнай өнімдерін және жанар-жағар май сатуды арттырумен байланысты», — деді ҚР Ұлттық экономика министрі.

Көлік саласында 4,8%-ға дейін үдеу тіркелді:  әуе көлігінің жүк айналымы 1,9 есеге, автомобиль көлігінің жүк айналымы 9,7%-ға өсті.

Осы жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы $20,4 млрд  құрағанын айта кеткен жөн. Экспорт көлемі $13,3 млрд құрады. Мұнай мен металдарды қоспағанда экспорттық жеткізілімдердің өсуі екі таңбалы санға жетті – 19,8%.


Көзі: yunews.kz