Ұялы телефонды төлемақы төлеуге пайдалануға болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұялы телефонды төлемақы төлеуге пайдалануға болады

14 Мамыр 2019, 10:06

Smiley face

ҚР Қаржы министрі Руслан Даленов Үкіметтің кеңейтілген отырысында  Биылғы жылдың соңына дейін қолма қол төлемдер жобасына 10 банкіні қосу жоспарланып отырғанын айтты.

Бұл жобаны ҚР Ұлттық Банкі әзірлеген, ал оның басты функциясы қызмет көрсетулер мен сатып алуларды ұялы телефон арқылы төлеу болып табылады. Министрдің айтуынша, бүгінгі күнде жобаға үш банк қатысуда.

Жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жасалған. Ол цифрлық технологияларды пайдалану есебінен тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.


Көзі: yunews.kz