Қазақстандық жас теннисшілер Азия чемпионы атанды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық жас теннисшілер Азия чемпионы атанды

14 Мамыр 2019, 10:22

Smiley face

Ташкентте теннистен 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Қыздар арасындағы жекелей сында Сандуғаш Кенжебаева чемпион атанды. Турнир барысында бірде-бір рет жеңілмеген ол финалда Үндістан спортшысын 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Ұлдар арасындағы бәсекеде тағы бір спортшымыз топ жарды. Макс Батютенко ақтық сында турнирдің екінші ракеткасы, тайландық теннисшіні 6:4, 6:1 есебімен жеңді.

Құрлық чемпионатында көзге түскен Кенжебаева мен Батютенко жазда Еуропада өтетін жоғары санатты турнирлерге қатысу мүмкіндігін алды. Олардың барлық шығынын Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өз мойнына алмақ.


Көзі: yunews.kz