Ақтауда екі жастағы қыз бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда екі жастағы қыз бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды

14 Мамыр 2019, 10:47

Smiley face

Өткен жексенбінің кешінде Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына 2017 жылы туған қыз бала жеткізілді.

«Оның ата-анасының айтуынша, қыз бала бес қабатты үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен. Абырой болғанда, Төменде өсіп тұрған тал баланың құлауын жайлатып, өмірін сақтап қалған. Содан кейін ата-анасы баланы дереу ауруханаға алып келген. Дәрігерлер дереу іске кірісіп, қажетті ем-дом шараларын жасады. Қазір ол баланың жағдайы жақсарып келе жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы  Азамат Сәрсенбаев.


Көзі: yunews.kz