«Қарағанды-Теміртау» жол айырығы құрылысы 80% орындалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Қарағанды-Теміртау» жол айырығы құрылысы 80% орындалды

444

Smiley face

Бүгінде жол салушылар Қарағанды облысы бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда жол айырықтарын салу жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары №1 «Теміртау айналмасы», №2 «Қарағанды тас жолы», сондай-ақ екі деңгейлі «Доскей» жол айырықтарында атқарылуда. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Қазіргі уақытта «Қарағанды тас жолы» көлік айрығында жер төсемі орнатылуда. Нысанда 10 бірлік техника мен 46 адам жұмыс істеуде. Ал, Қарағанды қаласының Шығыс айналма жолындағы екі деңгейлі №2 «Доскей» көлік айырығында мамандар 20 бағана орнатып, арматуралық қаңқаны құрастыруда. Аталған учаскеге 41 құрылыс-техникасы және 30 адам жұмылдырылған.

Қарағанды қаласының маңында салынып жатқан көлік айырықтарында бағдаршам қойылмайды, көлік қозғалысы үздіксіз қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, көлік кептелісін жоюға және облыс орталығына іргелес елді мекендермен көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.


Көзі: yunews.kz