Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің блокировкаларға ешқандай қатысы жоқ - Абаев - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің блокировкаларға ешқандай қатысы жоқ - Абаев

14 Мамыр 2019, 11:28

Smiley face

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мереке күндері интернеттің нашар жұмыс істеуі мен бірқатар сайттардың блокировкаға қойылуын министр техникалық ақаулармен түсіндірді.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі байланыстың сапасына жауап бермейді. Менің білуімше, провайдерлер мұның себебін техникалық ақаулармен байланыстырып отыр. Сондықтан, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің блокировкаларға ешқандай қатысы жоқ, - деді министр Дәурен Абаев.

Журналистер одан сайлау өтетін 9 маусым күні бұл жағдай қайталанбай ма деп сұрады.  «Мен ондай жағдай қайтадан орын алады деп ойламаймын. Оған дейін әлі уақыт бар. Сондықтан, провайдерлер техникалық ақауларды қалпына келтіретін болады» деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.


Көзі: yunews.kz