Қазақстанда микроқаржылық ұйымдардың жұмысын бақылайтын арнайы мемлекеттік орган құрылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда микроқаржылық ұйымдардың жұмысын бақылайтын арнайы мемлекеттік орган құрылады

14 Мамыр 2019, 14:08

Smiley face

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков елімізде қаржы секторын реттеудің тәуелсіз органы - қаржы нарықтарын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік құрылатынын хабарлады.

Мұндай норма Мәжіліс депутаттарының қарауына енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын және микроқаржыландыру қызметін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.

Заң жобасында екі негізгі бағыт көзделеді:

  1. Қаржы нарығын реттеу және дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау функцияларын Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін жаңа мемлекеттік органға – Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігіне жүктеу ұсынылады, ол республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
  2. Реттеушілік төрелікті және тұтынушылық кредиттеу нарығындағы жүйелік проблемаларды жою мақсатында Заң жобасында кредиттеудің барлық субъектілеріне қатысты реттеу мен қадағалауды енгізу көзделеді. Атап айтқанда, кредиттік серіктестіктердің, ломбардтардың, микроқаржылық және басқа банктік емес кредиттік ұйымдардың қызметі микроқаржылық қызмет ретінде айқындалады. Банктік емес кредиттік ұйымдарды реттеу жүйесі жүзеге асырылатын қызмет түріне байланысты «тәуекел жоғары болған сайын – реттеуші талаптар да жоғары» қағидаты бойынша сараланатын болады.

Заң жобасын қабылдау қаржы секторын реттеудің тиімділігін арттыруға, кредиттеу нарығындағы ашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сенімді құқықтық базаны құруға мүмкіндік береді.
«Бірінші бағыт - бұл қаржы секторын реттеудің тәуелсіз органын құру. Елдің экономикалық өсуіне ықпал ету үшін Ұлттық Банк ақша-несие саясатының тиімділігіне және инфляцияны бақылау бойынша шараларды жүзеге асыруға баса назар аударады», - деді Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары.

Жаңа мемлекеттік орган - Қазақстан Президентіне тікелей есеп беретін қаржы нарықтарын реттеу және дамыту жөніндегі Агенттікке қаржы нарығын реттеу және дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау функцияларын беру ұсынылады. Агенттік мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмақ. Еңбекақы төлеу жүйесін Қазақстан үкіметі бекітеді, ал қызметшілердің мәртебесі Ұлттық Банк қызметшілерінің мәртебесіне ұқсас болады.


Көзі: yunews.kz