Мемлекет басшысы Қызылордаға жұмыс сапарымен барды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мемлекет басшысы Қызылордаға жұмыс сапарымен барды

14 Мамыр 2019, 14:13

Smiley face

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордаға жұмыс сапарымен барды. Ол 2017 жылы Елбасының осы өңірге сапары кезінде ашылған клиникада болды. Бұл клиника ең жаңа жабдықтармен жарақтанған.

Науқас балаларға стационарлық және диагностикалық көмек көрсететін бұл емдеу мекемесінің жалпы аумағы 24436 шаршы метрді құрайды. Медициналық мекемеде  xирургиялық, терапевтикалық, лабораториялық және операциялық блоктар, сәулелік және физиотерапия бөлімшелері бар. Ұйымда 500 адам жұмыс істейді.

Қазақстан Президенті жас ұрпақтың денсаулығын нығайтудың маңыздылығын атап көрсетті. Бұл мемлекеттің басты бағыттарының бірі болып табылады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы медициналық мекеменің жұмысына табыс тіледі.


Көзі: yunews.kz