«Қашаған Б.В.» ҚМГ» ағымдағы басқару кәдімгі режимде жүзеге асырылуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Қашаған Б.В.» ҚМГ» ағымдағы басқару кәдімгі режимде жүзеге асырылуда

14 Мамыр 2019, 17:23

Smiley face

«Қашаған Б.В.» ҚМГ» мен «Самұрық-Қазына» Қазақстан Республикасына қарсы Стати ісі бойынша арбитраждық процестің қатысушылары болып табылмайды. Сол себептен кінәсі жоқ тұлғалар есебінен шағым иелерінің талабын қанағаттандыру негізсіз болып табылады. Ал шектеулер қою туралы сот шешімдері дұрыс емес. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті хабарлады.

- Амстердам қаласының апелляциялық сотының шешімі Қордың құқықтарына әлдебір қосымша шектеулер қоймайды. Қашаған Б.В.» ҚМГ» ағымдағы басқару кәдімгі  режимде жүзеге асырылуда, - деді «Самұрық-Қазына» қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментінің өкілі.

Еске саламыз, «Самұрық-Қазына» АҚ 2017 жылдың 14-ші қыркүйегіндегі Амстердам қ. соты шығарған шешімі негізінде «Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі ҚМГ Қашаған Б.В. акцияларының 50% қатысты аталған акцияларға иелік ету тұрғысындағы құқығына шектеу қойылған болатын.

Аталған шектеу Анатолий Статидің, Габриэль Статидің, Ascom Group SA мен Terra Raf Trans Trading Ltd. Қазақстан Республикасына қарсы ісі бойынша шығарған арбитраждық шешімді Нидерландыда мойындау және орындау бойынша талап-арызды қамтамасыз ету аясында қойылған.

Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ Қорының активтері шамамен 74,1 млрд АҚШ долларын құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ жәнекөлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсібінің, кен-металлургия және энергетика кешенінің кәсіпорындары кіреді. Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.


Көзі: yunews.kz