Ақтөбе облысының полиция қызметшілері жоғалған малдарды табуға көмектесті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбе облысының полиция қызметшілері жоғалған малдарды табуға көмектесті

14 Мамыр 2019, 17:31

Smiley face

12 мамырда Ембі қаласының полиция басқармасына аудандағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысы хабарласып, жайылымда жүрген 44 сиыр мен бір жылқы жоғалып кеткенін хабарлаған. Бұдан келген шығын 10 млн теңгеге жуықтайды.

Дереу бірнеше жедел-іздестіру топтары құрылып, іске кіріскен. Іздестіру нәтижесінде ертеңінде малдар жоғалған жайылымнан 80 шақырым жерден табылған. Бұл ұрлықтың негізгі себебі – малдардың жайылымда бағусыз жүруі.

Суық қолды ұрылар үшін далада қараусыз жүрген мал – оңай олжа. Олар жеңіл табыс табу мақсатында қараусыз малдарды айдап әкетіп, көзден таса жерде сойып, етін базарға сатуға шығарады. Мал иелері тек бірнеше күн өткен соң ұрлық туралы полицияға хабарлайды. Сондықтан, мал ұрлығына жол бермеу мал иелерінің өздеріне тікелей байланысты.


Көзі: yunews.kz