Қазақстан Қорғаныс министрлігінің арнайы жасағы тактикалық ату жарысына қатысты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің арнайы жасағы тактикалық ату жарысына қатысты

14 Мамыр 2019, 22:50

Smiley face

ҚР Қарулы Күштері арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілері алғаш рет Шешенстан Республикасының Гудермес қаласындағы Ресей арнайы мақсаттағы университетінің базасында өткен әлеуетті бөлімшелер арасындағы тактикалық оқ атудан ашық халықаралық чемпионатқа қатысты.

Мықтылар атағына тартысқа түсу үшін Гудермеске Армения, Беларусь, Қазақстан мен Ресей Федерациясының әртүрлі әлеуетті құрылымдарынан 20-дан аса команда келді. Сайыс 3 кезеңде өтті және 16 жаттығудан тұрды. Оның барысында күндіз және түнде әртүрлі қалыптан атыс қаруынан оқ атуды жүргізу шеберлігі бойынша қатысушылардың дайындық деңгейі тексерілді.

Аталған сайысқа қазақстандықтардың алғаш рет қатысуларына қарамастан, Қазақстан Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы жауынгерлері «Дуэль» және «Салтанат үйі» жаттығуларында екі үш орынды, сондай-ақ «Оқшаулау» және «Темір адам» жаттығуларында екі жеңіс кубогын жеңіп алды.


Көзі: yunews.kz