Қазақстан мен Ливанның қорғаныс ведомстволарының басшылары екі тарапты әріптестік мәселелерін талқылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан мен Ливанның қорғаныс ведомстволарының басшылары екі тарапты әріптестік мәселелерін талқылады

15 Мамыр 2019, 00:05

Smiley face

Ливан Республикасына жұмыс сапары шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі, генерал-майор Н. Ермекбаев Ұлттық қорғаныс министрі Элияс Бу Саабпен кездесті.

Кездесу барысында қорғаныс ведомстволарының басшылары қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға әзірліктерін растады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Генерал-майор Н. Ермекбаев «Ливандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша күштері» миссиясына қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік ротасын өрістету процесіне жәрдем көрсеткені үшін Ливан тарапына алғыс білдірді.

Өз кезегінде, Элияс Бу Сааб Қазақстанға БҰҰ шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі күш-жігерге үлес қосу шешіміне алғыс айтты.


Көзі: yunews.kz