Ақтөбелік мұғалімдерге мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жүргізгендері үшін есептелмеген үстеме ақы төленетін болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбелік мұғалімдерге мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жүргізгендері үшін есептелмеген үстеме ақы төленетін болды

15 Мамыр 2019, 01:25

Smiley face

Тексеру барысында 2016-2018 жылдары облыс бойынша 813 мұғалімнің  мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жүргізгендері және сол үшін оларға  әрқайсысына 7380 теңгеден ақша төленбегені анықталды. Жалпы берешек сомасы 6 млн. теңгені құраған. Бұл онша үлкен көлемдегі қаражат болмаса да, заң бойынша мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жүргізгендері үшін мұғалімдерге үстеме ақы төлеу талап етіледі.

Соған байланысты қадағалау органы өңірдегі жалпы білім беру мекемелерінің басшыларына ұжымның еңбек құқықтарын бұзбау туралы талап хат жолдады және үш лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік жаза шарасы қолданылды.

«Бұл қаражат оқу жылы бойы мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жүргізгендері үшін мұғалімдерге үстеме ақы ретінде төленуге тиісті болатын. Аз ақша болса да, адал еңбекпен тапқан қаражат болып табылады», - деп хабарлады Ақтөбе облысының прокуратурасы.


Көзі: yunews.kz