Қарағанды қаласының орталығындағы «гейзерге» жылу желілерін сынап көру жұмыстары себеп болған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды қаласының орталығындағы «гейзерге» жылу желілерін сынап көру жұмыстары себеп болған

15 Мамыр 2019, 17:34

Smiley face

«Теплотранзит» ЖШС өкілдерінің айтуынша, апат орын алған кезде Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс аймағында магистралдық жылу желілерінде гидравликалық сынау жұмыстары жүргізіліп жатқан. 

«12 атмосфералық қысым кезінде диаметрі 20 миллиметр труба құбырында жарылыс орын алды. 5-8 минуттан соң су тоқтатылды. Ол ыстық су емес, шамамен 21 градус. Сол кезде көшеде ауа райы салқын болған еді. Сол себептен бу бұрқырап кетті. Су бұрқағы сол маңайдағы жасыл желектерге аздаған зақым келтірді. Біз оның барлығын қалпына келтіреміз», деп хабарлады «Теплотранзит» ЖШС бас инженерінің орынбасары Иван Выткин. 

Компания магистралдық жылу желілерінде гидравликалық сынау жұмыстары труба құбырындағы ақаулы жерлерді анықтау мақсатында жүргізілетінін атап айтты. Сынау жұмыстары маусым айының ортасына дейін созылады.

Еске саламыз, труба құбырында болған жарылыс салдарынан «Қарағанды-Арена» Мұз сарайының алдында аяқ астынан булы су бұрқағы атқылап кеткен болатын.


Көзі: yunews.kz