Өмірде жоқ мопс - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өмірде жоқ мопс

444

Smiley face

Өскемен қаласының бес тұрғыны полиция органына алаяқ әйелдің үстінен шағым түсірген. Олардың айтуынша, алаяқ әйел Интернет арқылы «Мопс» тұқымды күшік сататыны туралы хабарландыру берген. Бұған сеніп қалған қала тұрғындары алаяқ әйелдің құрған торының құрбандары болған.

«Күшікті сатып алмақшы болған азаматтардың әрқайсысы алаяқ әйелдің шотына 40-50 мың теңге ақша аударған. Бірақ, ешқандай күшік алмаған. Олардың тартқан жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеден асып кеткен», - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде алаяқ әйелдің тұлғасы анықталды. Ол бұған дейін осындай алаяқтығы үшін сотталған 20 жастағы қыз болып шықты.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап төрт жылға дейін бас еркінен айыруды қарастырады.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды Интернет арқылы берілетін хабарландырулар бойынша алақтарға алданып қалмауға, оларға алдын ала төлемдер жасамауға шақырады.


Көзі: yunews.kz