«Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигондары оқудың жазғы кезеңіне дайын - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигондары оқудың жазғы кезеңіне дайын

15 Мамыр 2019, 21:25

Smiley face

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу-жаттығу полигондарында жарылмаған снарядтардан полигондарды тазарту, арнайы полигондық жабдықты қалпына келтіру бойынша жұмыстар аяқталуға жақындап қалды.

Жазғы оқыту кезеңіне полигондарды дайындау барысында полигондық командалар мен «Батыс» ӨңҚ әскери бөлімдерінің сапер әскери қызметшілері полигондарды жарылмаған снарядтардан тазартуды жүргізді. Жұмыстарға инженерлік-саперлік бөлімшелер мен полигондық командалар, сондай-ақ өтімділігі жоғары әскери техника тартылды.

Тазартуды қажет ететін аумақтардың жалпы ауданы 50000 га асады. Бұл Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарында орналасқан «Оймаша», «Бекет ата», «Есет батыр» және «Қаработан» оқу-жаттығу полигондарының учаскелері. Полигондардың жаппай жоспарлы тазартылуы жылына екі рет жүргізіледі. Негізгі міндет жеке құраммен оқу сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жарылмаған снарядтар мен оқ-дәрілерді жоюдан тұрады.

Қауіпсіздік мақсатында барлық қауіпті жарылғыш заттар орында бастырмалы зарядпен қопару әдісімен жойылады. Сапер әскери қызметшілер арнайы жеке қорғаныш құралдарымен, броньды кеудешелермен, сапердің арнайы қорғаныш костюмдерімен қамтамасыз етілген, 0,6 метрге дейінгі тереңдікте қауіпті жарылғыш заттарды анықтау бойынша мина іздеуіштерді іздестіру және барлаудың су жаңа құралдарымен жабдықталған. Бұдан өзге, полигондарда полигондық жабдық пен оқу-жауынгерлік топтың техникасына қызмет көрсету бойынша іс-шаралар өткізіледі.

Жүргізілетін жұмыстар барысында әскери оқ ату орындарының жай-күйі мен техникалық жабдықталуына, оқу-материалдық базаның жетілдірілуіне, далалық лагерь мен полигондық команданың тыныс-тіршілігі мен абаттандырылуы мәселелеріне айрықша назар аударылады.


Көзі: yunews.kz