Ұлттық қорғаныс университетінде магистранттарды қорытынды аттестаттау басталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұлттық қорғаныс университетінде магистранттарды қорытынды аттестаттау басталды

15 Мамыр 2019, 22:18

Smiley face

Академиялық күнтізбеге сәйкес ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде магистранттардың қорытынды аттестаттауы басталды.

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілді. Комиссияның төрағасы болып ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары вице-адмирал Ж. Жанзақов тағайындалды.

Магистранттардың қорытынды аттестаттауы екі маңызды құрамдас кешенді мемлекеттік емтихан және магистрлік диссертацияны қорғаудан тұрады. Қорытынды аттестаттау барысында әскерлерде кәсіби міндеттерді орындауға түлектердің теориялық және практикалық дайындығының сәйкес келу деңгейі бағаланады.

Аттестаттау қорытындысы бойынша комиссия «магистр» дәрежесін беру және мемлекеттік үлгідегі дипломды табыстау, сондай-ақ мамандарды дайындау сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар туралы шешім қабылдайды. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы барысында магистранттарға жақсы білімдері мен жинақтаған машықтары мен шеберліктерін көрнекі түрде паш ету қажет болады. Сондай-ақ қорытынды аттестаттау университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейлері мен құзыреттіліктерінің бағаланауы болып табылады.


Көзі: yunews.kz