Қарағандыда полиция қызметшісі айыппұлға арналған принтерді жоғалтып алған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандыда полиция қызметшісі айыппұлға арналған принтерді жоғалтып алған

16 Мамыр 2019, 01:32

Smiley face

Қарағанды қаласында арнайы техникалық құрал – айыппұл хаттамасы парағын басып шығаруға арналған принтерді жоғалтып алған жол-патруль полициясының инспекторы қатаң тәртіптік шараға тартылды. Оның жоғалтқан принтерін қаланың  Попов көшесінен бір әйел кездейсоқ тауыр алған.

«Осындай жайсыз оқиға орын алғаны рас. Техникалық құралды жоғалтып алған  жол-патруль полициясының инспекторы дереу бұл туралы басшылықтың атына  рапорт жазған. Қызметкердің айыппұл хаттамасы парағын басып шығаруға арналған принтерді жоғалтып алу дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Бұған жол берген полиция қызметшісіне тәртіптік жаза қолданылды» деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Олжас Арынов.

Полиция департаменті жоғалған принтерді тауып алған әйел техниканы жол-патруль полициясына қайтарғанын мәлімдеді.


Көзі: yunews.kz