Америкада терезе жуушылар зәулім үйдің жоғары қабатында көтергіш техникада тұрып қалған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Америкада терезе жуушылар зәулім үйдің жоғары қабатында көтергіш техникада тұрып қалған

16 Мамыр 2019, 03:05

Smiley face

Американың Оклахома қаласының өрт сөндіру қызметі зәулім үйдің жоғары қабатында көтергіш техникада тұрып қалған екі терезе жуушыны құтқарып алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Тосын оқиға қала орталығындағы 50 қабатты үйдің ғимаратында болған. Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, көтергіш техниканың ақауына байланысты адамдар онда тұрып қалған және техника қатты желдің күшінен шайқала бастаған. Біраз уақыттан кейін шайқалған темір қораптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Оқиға орнында автомобиль қозғалысына шектеу қойылған. Тосын да аса қатерлі жағдайға тап болған адамдар аман құтқарылды.


Көзі: yunews.kz