«Роскосмоста» миллиардтаған ұрлықтар анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Роскосмоста» миллиардтаған ұрлықтар анықталды

16 Мамыр 2019, 07:40

Smiley face

Тергеушілер «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясындағы миллиардтаған ақша ұрлығын анықтады, деп хабарлады Ресей Тергеу Комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин.
«Біз «Роскосмос» бойынша 5 жылдан бері тергеу амалдарын жүргізіп келеміз. Онда миллиардтаған қаражат қолды болған! Ақша ұрлау  технологиясы қарапайым – әуелі қыруар қаражат шетелдегі есепшотқа асырылып жіберіледі. Содан кейін отбасын шетелге көшіреді. Артынан өзі де шетелге тайып тұрады», - деді Александр Бастрыкин Жастардың халықаралық заңгерлік форумында.
Бұдан бұрын Ресейдің Бас прокуроры Юрий Чайка «Роскосмос» пен «Ростехқа» қарасты кәсіпорындарда 1,6 миллиард рубль қаржы ұрланғанын мәлімдеген болатын. Бұл қаражат қару-жарақтардың жаңа түрлерін әзірлеуге бөлінген еді. Прокурорлық тексерулердің материалдары бойынша қылмыстық істер қозғалды, деп атап көрсетті Ресей Тергеу Комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин.


Көзі: yunews.kz