Нұр-Сұлтан мен Стамбул арасындағы ұшақ күніне екі рет ұшырылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан мен Стамбул арасындағы ұшақ күніне екі рет ұшырылады

16 Мамыр 2019, 09:59

Smiley face

2019 жылдың маусымынан бастап "Эйр Астана" әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан және Стамбул қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 5-тен 6-ға дейін ұлғайтады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

Қосымша рейстер күніне екі рет A320 типті әуе кемелерінде орындалады.

Сондай-ақ шілде айының басынан бастап "Turkish Airlines" түрік авиакомпаниясы рейстер санын аптасына 7 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Осылайша, Қазақстан астанасы мен Түркияның ірі қаласы арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 13 рейске дейін ұлғайтылады, бұл елдер арасында саяхаттайтын жолаушыларға қосымша қолайлы жағдай жасайды.

"Turkish Airlines" әуекомпаниясының қосымша рейстері Б737 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.


Көзі: yunews.kz