Қазақстанда С гепатитінен инновациялық препараттар пайда болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда С гепатитінен инновациялық препараттар пайда болады

16 Мамыр 2019, 11:49

Smiley face

Меморандумға қол қою енді қазақстандық пациенттер С гепатитінен инновациялық емдеуге кеңірек қол жеткізе алатынын білдіреді. Егер бұрын Софосбувир, Ледипасвир және Велпатасвир түпнұсқалық препараттармен емдеу мың доллардан асатын болса, енді ол 100 АҚШ долларынан кем болады. Осы препараттарды пайдалану кезінде толық емделуі 90%-дан асады.

"Бұл Қазақстандағы осы қауіпті ауруды толық жою жолындағы маңызды қадам", - деп атап өтті ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Ынтымақтастық шеңберінде С вирустық гепатиті бойынша есепте тұрған пациенттерді тегін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер курс үшін 86 доллар бағасымен сатып алынады. 2018 жылы 4 мыңға жуық пациент емделумен қамтылды, оған 139,3 млн теңге жұмсалды.


Көзі: yunews.kz