Жеңіл өнеркәсіп саласының 600-ден аса кәсіпкерлері өз проблемалары туралы айтты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жеңіл өнеркәсіп саласының 600-ден аса кәсіпкерлері өз проблемалары туралы айтты

16 Мамыр 2019, 14:54

Smiley face

«ALTYN OIMAQ» конкурсы жұмыс істеген 2 айдың ішінде осы байқауды ұйымдастырушылар - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры Қазақстанның 13 қаласында жеңіл өнеркәсіп саласынының дизайнерлерімен және осы саланың 19 кәсіпорын өкілдерімен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Еске саламыз, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына келген сапары аясында «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің ұлттық байқауы таныстырылған болатын.

 Байқау жас дизайнерлерді қолдау және Қазақстан нарығында жаңа бәсекеге қабілетті брендерді қалыптастыруға серпін беруге бағытталған. Жобаның тұжырымдамасын Мемлекет басшысына «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Лаззат Рамазанова таныстырды.

«Жоба жаңа есімдер мен брендтерді тануға және қолдауға, кәсіпқойлардың жаңа буынын анықтауды көздейді. Осы ретте білікті дизайнерлерге бұл байқау өнімді ілгерілетуге, қолданыстағы бизнесті кеңейтуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Лаззат Рамазанова.

Байқау жарияланғаннан бастап екі ай ішінде ұйымдастырушылар Қазақстанның 13 қаласында  әлеуетті қатысушылармен кездесулер өткізді, жұмыс істеп тұрған 19 өндірістің жұмысымен танысты. Ел ауқымында 600-ден астам дизайнер байқауға қызуғышылық танытты. «ALTYN OIMAQ» жобасының ауыл әйелдеріне бағдарланған алғашқы тренингтері биыл маусым айында Алматы облысы Талдықорған қаласында өтеді.

 «Үлкен әлеуетті байқадық, шығарған өнімі сапалы импорттан кем түспейтін тума талант дизайнерлер, өндірушілерді көрдік. Бүгінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі саласында 992 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр, осы салада еңбек етіп жатқандардың 90%-ы – әйелдер. Енді біз барлық дизайнерлерді біріктіріп, осы күшті бәсекеге қабілетті текстиль өнімдері мен киім шығаруға бағыттамақпыз», – деді Лаззат Рамазанова.

Естеріңізге салсақ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бәсекеге қабілетті отандық брендтерді шығара алатын кәсіпқой дизейнерлердің жаңа буынын анықтауға бағытталған Байқауды жариялады. Байқау, сонымен қатар жеңіл өнеркәсіп саласын ілгерілетуге жағдай жасауға мүдделі тараптардың әлеуетін біріктіретін болады.


Көзі: yunews.kz