Әзербайжан мемлекетінің тартулары - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әзербайжан мемлекетінің тартулары

444

Smiley face

Алматы қаласында Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрлігінің өкілдері Ықылас Дүкенұлы атындағы қазақ халқының музыкалық аспаптары мұражайының қорына Әзербайжан елінің бес музыкалық аспабын: тар, кяманчу, гавал, балабан, тутек аспаптарын тарту етті.

- Біздің халықтарымыздың достығы ғасырлар бойы жалғаасып келеді. Биыл Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттерінің арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толып отыр. Әзербайжан халқы атынан бауырлас қазақ халқының мұражайына тарту ретінде халқымыздың музыкалық апаптарын дос көңілден сыйға тартып отырмыз, - деді Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрлігінің кеңесшісі  Иса Мамедов.

Smiley face

- Біздің мұражайдың қоры өте бай. Бұл осы бағыт бойынша республикадағы жалғыз мұражай болып табылады. Бауырлас Әзербайжан халқының музыкалық аспаптары мұржайымыздың қорын толықтырғанына қуаныштымыз және дос көңілдеріңіз үшін шынайы ризалығымызды айтамыз, - деді  Ықылас Дүкенұлы атындағы қазақ халқының музыкалық аспаптары мұражайының директоры Ұлжан Байбосынова.

Салтанатты шара аяқталғаннан кейін Әзербайжан мемлекетінің тартулары

экспозиция төрінен лайықты орындары алды.

Smiley face


Көзі: yunews.kz