Былтыр 138 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Былтыр 138 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған

16 Мамыр 2019, 17:45

Smiley face

Мәжілісте Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова депутаттарға 2018 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті таныстырды. Былтыр тиімсіз бюджеттік шешімдердің салдарынан 138 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.

«Соның ішінде 26 млрд теңге қаржылық бұзушылықтар болып табылады. Ал осы бұзушылықтардың 90% бухгалтерлік есептің үлесінде. Қазір барлық жағдай жасалған. Компьютерлер мен арнайы бағдарламалар бар. Ал бұзушылықтар жыл сайын жалғасуда. Неге бұлай? Себебі тиісті жауапкершілік жоқ. Сондықтан қаржылық бұзушылық, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау мен пайдалану үшін жауапкершілік енгізу қажет» деді Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова.

Есеп комитетінің Төрайымы Мемлекет басшысы түбегейлі басқа міндет, яғни - шығыстардың тиімділігін және әрбір салынған теңгенің қайтарымын арттыру міндетін қойғанын атап өтті. Сондықтан, бюджеттің атқарылуын «игерілді» санатымен өлшеуден кетіп, нәтижелерді бағалауға басымдық беру керек.

ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұловтың айтуынша, 2018 жылы жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,1 % құрады. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға арналған шығыстар толық көлемде орындалды..

Айтуынша, Үкімет бюджеттің негізгі параметрлерін орындаған. Бюджеттің кіріс бөлігін одан әрі ұлғайту үшін айтарлықтай резервтер бар.


Көзі: yunews.kz