Қазақстандық велошабандоздар Silk Way Series Astana турнирінде үш медаль жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық велошабандоздар Silk Way Series Astana турнирінде үш медаль жеңіп алды

17 Мамыр 2019, 09:44

Smiley face

Нұр-Сұлтанда Silk Way Series Astana велотрегі бойынша ірі халықаралық турнирі жалғасуда. Қазақстандық велошабандоздар үш медаль жеңіп алды, деп Olympic.kz хабарлайды.

Алишер Жұмақан "скретч" тәртібі бойынша бірінші болып келді. Екінші орынды тағы бір қазақстандық Сұлтанмұрат Миралиев жеңіп алды. Турнирдің қола жүлдесін Қытай өкілі Джинсон Ли алды.

Осы тәртіп бойынша қазақстандықтар Ғабиден Азен, Игорь Юсифов, Роберт Гайнеев пен Иоган Штейн тиісінше 6-шы, 15-ші, 16-шы және 17-ші орындарды иеленді.

"Кейрин" тәртібі бойынша бірінші болып Ресей өкілі Павел Якушевский, екінші орынды ұлыбританиялық Джейсон Кенни иеленді. Қола медальді Павел Воржев жеңіп алды.

Топтық жарыста ұпай бойынша Асылхан Тұрар алтын алды. Екінші орынға Өзбекстаннан келген Мұратжан Қажымұратов ие болды. Үшінші орынға Қытай өкілі Пинган Шень ие болды.

Бұған дейін Артем Захаров Қазақстан командасының қоржынына алтынды салды. Спортшы "омниум" тәртібі бойынша бірінші болды.


Көзі: yunews.kz