Әскери қызметшілерге жаңа қолбасшылар таныстырылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әскери қызметшілерге жаңа қолбасшылар таныстырылды

17 Мамыр 2019, 09:46

Smiley face

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов жұмыс сапары барысында "Оңтүстік", "Батыс" өңірлік қолбасшылықтарының, десанттық – шабуыл әскерлері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жеке құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің-Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысының өкімімен тағайындалған жаңа қолбасшыларды таныстырды, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов жаңа қолбасшылық оларға тән білікті және жоғары кәсіби басшылардың сапаларын табысты көрсететіндігіне сенім білдірді,оларға белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге және қойылған барлық міндеттерді сенімді орындауға табандылық тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 4 мамырдағы өкімімен генерал-майор М. Хусаинов ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас Қолбасшысы болып тағайындалды, генерал-майор Қ. Қарақұлов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, генерал-майор Қ. Әбубәкіров - ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Қ. Садықов - ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы, полковник  Н. Алдияров - "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.


Көзі: yunews.kz