Екі жасар қызды шымкенттік дәрігерлер құтқарып қалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Екі жасар қызды шымкенттік дәрігерлер құтқарып қалды

17 Мамыр 2019, 11:09

Smiley face

2 жасар қыз ауыр халде Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасына түсті. Балаға шұғыл түрде операция жасау керек болды,деп хабарлайды Шымкент қ. ДСБ баспасөз қызметі. Операция барысында тәжірибелі хирургтар лапароскопиялық жолмен оң аналық бездің қатерсіз ісігін алып тастады және қауіптің алдын алды.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай қыздарда сирек кездеседі. Шымкент дәрігерлері бұл 20 жылдық тәжірибе үшін екінші оқиға деп айтуда.

"Кішкентай қыздардың жыныс мүшелерінің нәзік болуына байланысты аналық бездің ісігін уақытында жоймаған жағдайда қыздың жатырына қауіп төніп тұратын еді", - деді екі жасар қызға операция жасаған хирург Қалдыбай Таджибаев.

Табысты операцияның арқасында баланың жағдайы қазір жақсы деп бағаланады. Ауруханада операциядан кейін қыз қажетті ем алып, енді анасымен бірге үйге шығарылды.


Көзі: yunews.kz