Қазақстанда "Су-Азық-Түлік-Жер-Орталық Азиядағы Энергия" халықаралық жобасына қатысу ұсынылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда "Су-Азық-Түлік-Жер-Орталық Азиядағы Энергия" халықаралық жобасына қатысу ұсынылды

17 Мамыр 2019, 11:17

Smiley face

XII Астана экономикалық форумы аясында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Н.Нысанбаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) қоршаған орта жөніндегі директоратының жасыл өсу және жаһандық қатынастар басқармасының басшысы Куми Китаморимен кездесу өткізді.

Тараптар екі жақты қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтіп, су-энергетикалық ресурстарды кешенді пайдалану саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, оның ішінде ЭЫДҰ жоспарланған өңірлік жобаларды талқылады, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Куми Китамори Қазақстанға "Су-Азық-Түлік-Жер-Орталық Азиядағы Энергия" халықаралық жобасы бойынша ЭЫДҰ-ның өңірлік бастамасына қатысуды ұсынды.

Өз кезегінде Е. Нысанбаев ЭЫДҰ-мен бірлесіп іске асырылған "ВЕКЦА елдеріндегі су ресурстарын басқарудың экономикалық аспектілері" жобасының 2015-2016 жылдарға арналған ұсынымдарының орындалу барысы туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар су ресурстарын пайдалану мен қорғауды тиімді пайдалану және басқару саласындағы ынтымақтастықты Ұлттық және Өңірлік деңгейде жалғастыруға келісті.


Көзі: yunews.kz