Қытайлықтар Қазақстаннан ет, бал, жем-шөп, көкөністер мен жемістер күтуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қытайлықтар Қазақстаннан ет, бал, жем-шөп, көкөністер мен жемістер күтуде

17 Мамыр 2019, 11:37

Smiley face

Бұл туралы "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҰКП баспасөз қызметі.

Спикер Қытай нарығы экологиялық таза өнімге мүдделі екенін атап өтті. Атап айтқанда, отандық өндірушілер Қытайға жылына 130 мың тоннаға дейін ет, 8 тонна бал, жем, майлы дақылдар тұқымдарын, көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ құс шаруашылығы өнімдерін жеткізе алады.

"Қытай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап еліміздің маңызды экономикалық серіктесі болды. Уақыт өте келе біздің елдеріміздің экономикалық байланыстары кеңеюде. Олар тек сауда операцияларына, импорт пен экспорт көрсеткіштеріне қатысты емес. Жақында олар бүкіл өңірдің өркендеуіне бағытталған стратегиялық жазықтыққа өтеді. Болашақта азық-түлік біздің экономикамыздың дамуының басты драйвері бола алады", - деді Эльдар Жұмағазиев.

Бүгінде көршілес елдер қазақстандық өнімді экспорттау үшін кедергілерді жою бөлігінде белсенді ынтымақтасады. Кейбір қазақстандық ет және өсімдік шаруашылығы өнімдерін Қытайға әкелуге шектеу алынып тасталды. Жақын арада қазақстандық сүт және жұмыртқа өнімдеріне қолжетімділік ашылады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Қазақстандағы инвестициялық климат өңірдегі ең қолайлы және ЕАЭО елдерінің нарығына жол ашады.

"Біз 2013 жылы Астанада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин өзінің "Жібек жолының экономикалық белдеуі" идеясын жария еткеніне қуаныштымыз. Бүгінде бағдарлама Қытаймен ынтымақтастық үшін Орталық Азия елдеріне үлкен мүмкіндіктер береді. Қазақстан маңызды геосаяси жағдайға ие және Қытай мен ЕО ірі экономикаларының арасындағы байланыстырушы буын болып табылады", - деді Жеңіс Қасымбек.

Соңғы 10 жылда Қазақстан инфрақұрылымдарды, көлік-логистикалық активтерді және құзыреттілікті дамытуға шамамен 30 млрд доллар инвестициялады. 2,5 мың шақырым ұлттық темір жол мен 12,5 мың шақырым автомагистральдар жаңғыртылып, пайдалануға берілді.

Бұдан басқа, Қазақстанның инвесторлар үшін жұмсақ салық режимі бар.

"Егер инвестор бизнес жүргізгісі келетін бағыт Үкімет белгілеген басым салаға жататын болса, онда инвестор салық төлеуден босатыла отырып, қызмет ету кезеңіне құқық ала алады", - деді Эльдар Жұмағазиев.

Форум соңында Қытай-Қазақстан кәсіпорындарының ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды. Форум жұмысына қазақстандық және қытай бизнесінің 60-тан астам өкілі қатысты.


Көзі: yunews.kz