Алматыда қоқыс полигонын жою жалғасуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда қоқыс полигонын жою жалғасуда

17 Мамыр 2019, 11:54

Smiley face

Қоқыс полигонындағы қалдықтарды жою жұмыстары 17 мамыр күні сағат 03:00-ге дейін созылып, сол күні сағат 06:00-ден бастап қайта жанданды, деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жану ошағының периметрі бойынша су төгу және балшықпен жабу жұмыстары жүргізілуде. Сағат 07: 00-ден бастап су ағызатын құрылғылары бар екі тікұшақ жалпы көлемі 90 текше метр болатын 30 су төгінді, делінген мекеме хабарламасында. Сондай-ақ, өрт болған жерге тұрақты аэровизуалды мониторинг жүргізу үшін Матрица-600 (дрон) Квадрокоптер қолданылады.

Жоюға барлығы 2 тікұшақ, 53 бірлік техника және 91 адам жұмылдырылды. Жұмыстар жалғасуда.


Көзі: yunews.kz