Дәл нүктесіне! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Дәл нүктесіне!

17 Мамыр 2019, 14:13

Smiley face

Неміс Ганноверінде оқ атудан халықаралық турнир аяқталды, онда Әскердің орталық спорт клубының спортшысы Юрий Юрков күміс жүлдені жеңіп алды.

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ю. Юрков 50 метр қашықтықта шағын калибрлі мылтықтан ату тәртібі бойынша өнер көрсетті.

"Біздің спортшы өзінің шеберлігі мен кәсібилігін тағы да дәлелдеді. Айта кету керек, армия спортшыларының нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, атқыш Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Енді бізді 24-31 мамыр аралығында Мюнхенде өтетін Әлем Кубогы күтіп тұр", - деді оқпен және стендтік атудан ЦСКА командасының бастығы Ольга Важнина.


Көзі: yunews.kz