Бір нәрсе айтпас бұрын, жақсылап ойлану керек! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бір нәрсе айтпас бұрын, жақсылап ойлану керек!

17 Мамыр 2019, 14:36

Smiley face

Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылдың күзінде пайдаланушы Дильназ Ахмадиева Instagram-дағы әншінің ұлтына қатысты жағымсыз пікір жазған. Әртістің өтініші бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Тәртіп сақшылары хейтер тұлғасын анықтады. Ол бұрын тонағаны үшін істі болған 1990 жылы туған азамат Н. болып шықты.

"Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, фигуранттың түсініктемесінде ұйғыр ұлты адамдарының ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты қорлау сипатындағы сөздер болған. Қылмыс жасаған кінәсін ол толық мойындап, кешірім сұрады", - деп Алматы ҚП тергеу басқармасы хабарлады.


Көзі: yunews.kz