Әйтеуір дегенде мексикалықтар Қазақстандағы сайлау туралы толық мәлімет алды! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әйтеуір дегенде мексикалықтар Қазақстандағы сайлау туралы толық мәлімет алды!

17 Мамыр 2019, 14:54

Smiley face

Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Андриан Елемесов жергілікті БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен саясаттанушылар үшін Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауға арналған баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Дипломат мексикалықтарға Қазақстанның қалыптасу тарихын айтып, елдің жеткен жетістіктері туралы айтып, Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін ерекше атап өтті.

Елемесов қатысушыларды Қазақстанның сайлау заңнамаларымен, сайлау алдындағы науқанға қатысушылардың өмірбаяндарымен және тұғырнамаларымен, сондай-ақ ҚР Үкіметінің сайлауға дайындық процесімен таныстырды.

Smiley face

Жергілікті журналистер мен саясаткерлер еліміздегі саяси және демократиялық үдерістер туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдады. Олардың пікірінше, Қазақстанда өңірлік көшбасшы ретінде ашық және адал сайлау өткізу Латын Америкасы елдерінде де талқылау үшін өте өзекті тақырып болып табылады.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асыратын шетелдік журналистер мен халықаралық бақылаушыларды тіркеу рәсіміне, электоралды кезеңде ақпараттық кампанияларды өткізу туралы ақпаратқа ерекше назар аударылды.


Көзі: yunews.kz