"Инвестициялар-Қазақстанның дамуындағы негізгі фактор" – Мамин - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Инвестициялар-Қазақстанның дамуындағы негізгі фактор" – Мамин

17 Мамыр 2019, 14:58

Smiley face

"Kazakhstan Global Investment Roundtable" қатысушылары 8,9 миллиард доллар сомасына 45 жобаға қол қойды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің сайты хабарлады. Бұл газохимия, экспортты дамыту, жылыжай кешендерінің құрылысы, көлік және логистика, ТМК саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер және тағы басқалар.

Бұған қосымша дата-орталықтарды салу және Қазақстан аумағында 5G жобаларын енгізу сияқты жобалар бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің айтуынша, инвестиция – Қазақстанның дамуындағы негізгі факторы. Еліміздің тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасына $300 млрд-тан астам инвестиция салынды.

"Kazakhstan Global Investment Roundtable" - жаһандық инвестициялар бойынша жыл сайынғы үшінші "дөңгелек үстелі". Бұл қазақстандық бизнес пен шетелдік инвесторлар қауымдастығы үшін маңызды оқиғалардың бірі, ол өз алаңында ірі әлемдік компаниялар мен отандық бизнестің 1100-ден астам басшыларын, халықаралық сарапшыларды, халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың өкілдерін жинады.


Көзі: yunews.kz