Халықаралық швейцариялық Seedstars компаниясы елордада жұмыс жасайтын технологиялық алаң ашты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Халықаралық швейцариялық Seedstars компаниясы елордада жұмыс жасайтын технологиялық алаң ашты

17 Мамыр 2019, 15:51

Smiley face

Бүгін Нұр-Сұлтанда стартаптарды қолдауға арналған Seedspace Nur-Sultan жаңа алаңы ашылды

«Бұл стартапшылар бірге уақыт өткізіп, тәжірибе алмасып, жобаларды талқылайтын кеңістік құру үшін жасалуда. Бұл көліктен бастап, ТКШ-ға дейінгі елорда үшін жаңа шешімдер ойлап табылатын, қайнаған зертхана болмақ», - дейді «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев.

Smiley face

Резиденттерге менторлардың, кеңесшілердің, техникалық мамандардың ауқымды желісі ұсынылады. Мұнан басқа, мұндай формат тек коворкинг кеңселерді ғана емес, сондай-ақ қатысушылар тұратын алаң – коливингті де қамтиды.

«Осы алаңның арқасында қала мен өңір жастарында елордадан алыстамай-ақ, кәсіпкерліктің озық және халықаралық экожүйесінің қатысушысы болуға мүмкіндік туды. Негізгі бағыт – қала мәселелерін, сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындары мен бизнес-қауымдастығының мүдделерін шешу», - деді елорда әкімі Бақыт Сұлтанов.

Smiley face

Акселерация бағдарламасы бизнес-менторлардың көмегімен халықаралық стандарттарға сай өз жобаңды дайындап, оны венчурлық қорларға ұсынуға мүмкіндік береді. Демек, қатысушылар халықаралық нарыққа шығып, хабта жүзеге асырған идеясы үшін Seedstars-тан 500 мың АҚШ долларына дейін иелене алады.

Seedspace Nur-Sultan жылына 365 күн бойы тәулігіне 24 сағат бойы ашық тұрады. Жоба «Астана Innovations» тарапынан Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен, «Seedstars» бизнес-инкубаторымен және «BI Group» компаниясымен бірлесе отырып, іске асырылды.

Smiley face


Көзі: yunews.kz