Ұрланған қаражатты Америкадан қайтару туралы сот шешімі БТА банктің пайдасына шешілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұрланған қаражатты Америкадан қайтару туралы сот шешімі БТА банктің пайдасына шешілді

444

Smiley face

2016 жылғы 13 маусымда АҚШ Вирджиния штаты, Фэрфакс округтік сотына азаматша Г.Құсайынованың әрекеттеріне қатысты БТА-ның өзге де талаптарын қанағаттандыру және шығындарды өтеу туралы талап арыз берілді. М. Әблязов, БТА-ға қарсы басқа да алаяқтық әрекеттермен қатар, Г.Құсайынован БТА-дан ұрланған шамамен 6 млн. АҚШ доллары ақша қаражатын жеке мақсатқа, оның ішінде АҚШ-та бірнеше люкс жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға пайдаланған.

Сыртқы басқарушылардан талап – арыз беруге Г. Құсайынованың қаржы қаражатының көп бөлігін сыртқы басқарушылардың басқаруындағы активтер мен активтерді қатыру туралы бұйрыққа енгізілген, М. Әблязовпен DenmarAssetsManagement және DevestaLimited-пен үлестес компаниялар арқылы алғаны фактілерінің болуы негіз болды.

Сот 2019 жылғы 28 мамырда БТА және сыртқы басқарушылардың пайдасына жалпы сомасы 6 598 313 АҚШ долларын өндіру туралы шешім қабылдады. Сот шешіміне сәйкес сот Қэрфакс және Александрия (АҚШ) қ.округіндегі Г.Құсайынованың жылжымайтын мүлігі құқығын 6 598 313 АҚШ доллары сомасына ортақ тараптардың пайдасына берді.

Г. Құсайыноваға қарсы талап қою бойынша БТА пайдасына осы сот шешімін алу М. Әбілязов ұрланған активтерді қайтару бойынша БТА қызметіндегі тағы бір маңызды қадамды білдіреді. Бүгінгі күні М. Аблязов пен оның сыбайластарына қарсы сот процестері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Украинада, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Францияда, сондай-ақ басқа да юрисдикцияларда жүргізілуде.

БТА барлық сот талқылаулары оң нәтиже береріне үміт артуда.

 


Көзі: yunews.kz