Эвересте ондаған жыл жинақталып қалған қоқыстар жиналды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Эвересте ондаған жыл жинақталып қалған қоқыстар жиналды

444

Smiley face

Эверест тауының бойынан жиналған  10 тонна қалдықтар қайта өңдеуге жіберілді, деп хабарлады РИА Новости. Қоқыс Эвересте онжылдықтармен жиналып қалған. Непал үкіметі 14 адамнан тұратын команданы жіберіп, олар алты апта бойы Эверест тауында қоқыс жинаумен айналысқан.

Команда бос банкаларды, бөтелкелерді, пластмассаны, көтеру жабдықтарын, шатырларды, бос газ канистрларын жинады. Қоқыс салынған қаптар тікұшақпен Катмандаға жеткізілді, содан кейін жергілікті қайта өңдеу компаниясына берілді. Үкіметтік емес ұйымның өкілі Набим Бикаш Махарджанның айтуынша, қоқыстың басым бөлігін жеңіл және ауыр металдар, алюминий және шыныларды құрайды.

Қоқыстардан басқа команда төрт альпинистің денесін тапты. Олар сондай-ақ тау баурайларынан шығарылды. Ресми мәліметтерге сәйкес, осы жылы альпинистік маусым басталғаннан бері сегіз мың метрден жоғары шыңдарды бағындыру кезінде Гималайда 21 адам қаза тапқан.


Көзі: yunews.kz