Қазақстандық боксшылар Шанхайдағы турнирде сәтті өнер көрсетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық боксшылар Шанхайдағы турнирде сәтті өнер көрсетті

444

Smiley face

Осы күндері Шанхай қаласында (Қытай) өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирдің бірінші күні аяқталды, деп Оlympic.kz хабарлайды.

Оның қорытындысы бойынша, 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрбол Қалжанов Шанхай командасының қарсыласын жеңді. Саматали Толтаев (60 келіге дейін) Индонезиялық спортшыны жеңді.

69 келіге дейінгі салмақта Талғат Шайкен Қытайдың бас командасының өкілінен басым түсті. Сондай-ақ, біздің спортшы Айбек Оралбай Шанхайдан келген қарсыласынан басым түсті.

Өкінішке орай, ауыр салмақтағы Дамир Тойбай Шанхай боксшысына жол берді.


Көзі: yunews.kz