ЕАЭО елдері мен Қытай тауар тасымалдау саласында ынтымақтасады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ЕАЭО елдері мен Қытай тауар тасымалдау саласында ынтымақтасады

444

Smiley face

Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумы аясында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өтетін халықаралық тасымалдаудың тауарлары мен көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.

Құжатқа: ЕАЭО және ҚХР елдерінен-премьер-Министрдің орынбасарлары, ЕЭК атынан-ЕЭК Алқасының Төрағасы қол қойды. Қазақстан Республикасының атынан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов қатысты. 

Келісім Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдары туралы ақпаратпен алмасу бойынша неғұрлым ұйымдастырылған ынтымақтастықты береді.


Көзі: yunews.kz