Маңғыстауда зират қақпаларын ұрлағандар ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстауда зират қақпаларын ұрлағандар ұсталды

444

Smiley face

Облыс орталығынан 25 шақырым жерде орналасқан өңірдегі ең үлкен Қошқар Ата мұсылман зираты ең жақсы күтімді және жақсартылған болып табылады. Мамыр айының соңында жақын маңдағы ауыл тұрғындары зираттың периметрі бойынша қоршауда темір тордың жоғалғанын байқады.  Бұл туралы ауыл тұрғындары дереу полицияға хабарлады. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қақпаны ұрлау туралы алғашқы өтініш 20 мамырда келіп түскен, бір аптадан кейін тағы бірнеше ұрлық болған. 

-Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгеннен кейін біздің қызметкерлеріміз үш ер адамды құрықтады. Күдіктілердің барлығы қылмыс жасағанын мойындады. Дәлелдемелерді бекітуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 24-бабы (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Көзі: yunews.kz