Ұрланған затты іздеуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұрланған затты іздеуде

444

Smiley face

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы барысында ұялы телефон ұрлаумен айналысатын екі ұрылар ұсталды. Оларға қатысты 14 дерек дәлелденді. Осыған байланысты тәртіп сақшылары бұрын қолданылған ұялы телефондарды сатып алумен және сатумен айналысқан сауда бутиктерін тексерді.

- Тексеру барысында 1 624 ұялы телефон тәркіленді, олар қазір ІІМ базасы арқылы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта екі ұрланған телефон анықталды, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Заң бойынша, бутиктер иелері қабылданған телефондарды есепке алу және тіркеу жүргізулері керек болатын, бірақ бұл рәсім өткізілген жоқ.  Осыған байланысты барлық күдікті ұялы телефондар тәркіленді.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде қала аумағында 56 қылмыс жасалған, оның 34-і ізін суытпай ашылған.


Көзі: yunews.kz