Алматылықтар қала бойынша электросамокаттарда қозғала алады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматылықтар қала бойынша электросамокаттарда қозғала алады

444

Smiley face

Алматыда "OZIM SCОOTERS" электр самокаттарын жалдау қызметі іске қосылады. Қала әкімі Бауыржан Байбек жеке инвесторлар жүзеге асыратын еліміздегі алғашқы жобаның жұмыс істеу қағидаларымен танысты, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің сайты.

Шілде айында қала бойынша 300 электросамокаты бар 35 станцияны орналастыру жоспарланып отыр. Сервис еркін самокаттардың болуына станциялардың мониторингін жүзеге асыруға және карта бойынша өз маршрутын қадағалауға мүмкіндік беретін мобильді қосымшаның көмегімен қолжетімді болады.

Жобаны алматылық жас кәсіпкерлер жүзеге асырады. Стартаперлердің пайымдауынша, өзінің жинақылығы мен экологиялылығы арқасында электросамокат қалаларда жүріп-тұрудың ең танымал тәсілі болып табылады.

 "Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жалға алынған электрокамкатта сапардың ұзақтығы 5-7 минутты құрайды. Көбінесе оны метро станциясына немесе автобус аялдамасына жету үшін пайдаланады. Біздің "Android" және "IOS" қосымшаларымыз арқылы пайдаланушылар банктік карта арқылы жалға ала алады. Төлемді "ОНАЙ"карточкасымен енгізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін тағы 500 самокат орнату жоспарлануда", - деп атап өтті компания директоры Асылбек Есенов.

Алматыда қалалық кеңістікті қайта құру, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін кедергісіз орта мен инфрақұрылым құру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, сондықтан қала инновациялық бизнес үшін тартымды болып келеді, деп есептейді қала әкімдігі.

Айта кету керек, бүгін Алматыда 100 шақырымға жуық веложол салынды. "AlmatyBike"автоматтандырылған велопрокат жүйесі енгізілді. Италиялық инвестиция есебінен елдегі ең ірі "Anytime"каршеринг-сервисі іске қосылды.


Көзі: yunews.kz