Шымкентте газ қоймасы жарылған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шымкентте газ қоймасы жарылған

444

Smiley face

Шымкентте "Мураз" ЖШС газ толтыру станциясында газды сақтау сыйымдылығының бірі (бос) өрт шықты.

"Ашық жалынмен бір сыйымдылық (газ қоспасының қалдықтары) жанған, қорғау мақсатында екінші сыйымдылық өрт сөндіру бөлімшелерінің су беру арқылы суытылған.  Сондай - ақ, АҚТҚ аумағында сыйымдылығы 7 текше метр 2 автоцистерна және 50 текше метр 2 автоцистерна жарылды",-деп хабарлады Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

АҚҚ аумағында 1999 жылы туған қызметкер зардап шекті. Қазіргі уақытта ол реанимацияда.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай ,ҚР ҚК-нің 292-бабы "өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өрт сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 21 бірлігі мен 90 адамы жұмылдырылды. Материалдық залалдың себептері мен мөлшері анықталуда.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от телеканал NARTV🇰🇿 (@nartv.uko)


Көзі: yunews.kz