Монополияға қарсы комитет тұтынушыларға 1 000 000 000 теңгеден астам қаржы қайтарды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Монополияға қарсы комитет тұтынушыларға 1 000 000 000 теңгеден астам қаржы қайтарды

444

Smiley face

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті "ҚазТрансОйл" АҚ-на қатысты табиғи монополиялар туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Табиғи монополиялар туралы Заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Олар "ҚазТрансОйл" АҚ өткен жылдардағы тарифтік сметаны және 2014 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша жалпы сомасы 1 041 133 640 теңгеге міндеттерді орындамағандығына байланысты.

Комитет 1 041 133 640 теңге сомасына магистральдық құбыржолдары арқылы су беру қызметі бойынша негізсіз алынған кірісті тұтынушыларға қайтару туралы бұйрық шығарды. Негізсіз табыс тұтынушыларға тікелей қайтарылды.

Табиғи монополиялар туралы заңнаманың жоғарыда көрсетілген нормаларын бұзғаны үшін "ҚазТрансОйл" АҚ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабында көзделген жалпы сомасы 293 миллион теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл толық көлемде төленді.


Көзі: yunews.kz