Өзіндікі дәмдірек және арзанырақ - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өзіндікі дәмдірек және арзанырақ

444

Smiley face

Ақтөбенің тұрақтандыру қоры тек жергілікті көкөністермен толығуда. Ақтөбе облысының әкімдігінде хабарлағандай, мұндай мүмкіндік жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау бойынша атқарушы органдардың көпжылдық жоспарлы жұмыстарынан кейін пайда болды.

Бұған дейін тұрақтандыру қоры өнімдерінің белгілі бір бөлігі басқа өңірлерден әкелінген. Осы жылы 1400 тонна картоп, 200 тонна пияз, 100 тонна сәбіз және қырыққабат салынады. Бұл үшін өңірде ірі фермерлік шаруашылықпен фьючерстік келісім-шарт жасалды. Тұрақтандыру қорын қалыптастыруға қазынадан 309 миллион теңге бөлінді.

Өңірлік тұрақтандыру қоры-бұл Ақтөбе облысының аумағында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық азық-түлік нарығына реттелетін ықпал ету үшін құрылған азық-түлік тауарларының жедел қоры.


Көзі: yunews.kz